Қазақстанда 7 тамызда үш орман өрті тіркелді

Сурет: pixabay
2026 жылғы 7 тамызда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 8 тамызда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Батыс Қазақстан облысы, Ұлытау облысында және Көкшетауда мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында бір-бір-бірден өрт ошақтары тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тіркелген өрт ошағы РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе патрульдеуі барысында анықталды. Өрт туралы хабарлама түскен сәттен бастап орман мекемелерінің күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Өртті сөндіруге РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары және орман күзеті күштері, өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Өрт қысқа уақытта тез сөндірілді".

Өрттің шығуына қазіргі аптап ыстық пен найзағай түріндегі табиғи фактор түрткі болып отырғаны нақтыланады.

Бұған дейін тамыздың басында найзағайдың кесірінен елімізде жеті орманда от тұтанғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды