Найзағайдың кесірінен елімізде жеті орманда от тұтанды

Орман өрті, Қазақстан, 5 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 21:37 Сурет: gov.kz
5 тамызда Қазақстан аумағында жеті орман өрті тіркелді. Өрт Қостанай облысында, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында, сондай-ақ "Ертіс орманы" мен "Семей орманы" аумақтарында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт ошақтары орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталып, қажетті күштер мен құралдар жедел жұмылдырылды. Қабылданған үйлесімді әрі жедел шаралардың нәтижесінде өрттер қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді.

Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары мен тікұшақтары қатысты.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығу себебі – найзағай разрядтары.

"Соңғы уақытта елімізде найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты орман өрттерінің туындау қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен РМҚК "Қазавиаорманқорғау" күштері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әуе патрульдеуі мен орман алқаптарын бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде". ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Өскеменде табиғат ерекше мінез танытып, дүлей дауыл соққанын, көлемі жұмыртқадай болатын ірі бұршақ түскенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: