"Семей орманында" тағы да ірі өрт шықты: қазіргі жағдай қандай

"Семей орманында" тағы да ірі өрт шықты: қазіргі жағдай қандай , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2026 14:00 Сурет: Telegram/EcologyofQazaqstan
Бүгін таңертең "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тілсіз жау жайлы жедел ақпаратпен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі бөлісті.

"2026 жылғы 16 шілдеде сағат 09:45-те "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Қамышен орманшылығының 57-орамында орман өрті тіркелді".

Соңғы 13:05-тегі ақпаратқа сүйенсек, өртті сөндіруге резерваттың мемлекеттік орман күзетінің 86 қызметкері мен 31 бірлік техникасы, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның су төгу құрылғысымен (ВСУ) жабдықталған 2 тікұшағы, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 38 қызметкері мен 10 бірлік техникасы, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды.

"Қазавиаорманқорғау" РМҚК тікұшақтары осы уақытқа дейін су төгу құрылғысымен 24 рет су төгу жұмыстарын орындады. Сонымен қатар қосымша күштер мен техникалар өрт ошағына бағытталуда". ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Атап өтілгендей, қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауда.

Экология министрлігінде сондай-ақ "Семей орманы" аумағындағы метеорологиялық жағдай туралы мәлімет берілді. Онда солтүстік-батыстан секундына 4 метр жылдамдықпен жел соғуда, екпіні секундына 8 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы +34°C. Өрт қаупінің класы (ӨҚК) – 5.

Бұған дейін Шымкентте индустриялық аймақта өрт шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: