"Тауықтың жұмыртқасындай". ШҚО-да дүлей дауыл соғып, ірі бұршақ жауды

Бұршақ, жұмыртқа, ШҚО, Өскемен, дауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 17:49 Сурет: Instagram/oskemenlive
2026 жылы 5 тамызда Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) қатты жел соғып, нөсер жаңбыр жауып, артынан ірі бұршақ түсіп, табиғат ерекше мінез танытты, деп хабарлайды Zakon.kz

Желдің екпіні секундына 28 метрге жетіп, шамамен 374 мың тұрғыны бар қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды, ағаштар құлап, жолдарды су басты. Ахмирово елдімекенінде, 19-ықшам ауданда, Аэропорт ауданында, Шмелев Лог ауданында, "Болашақ" ықшам ауданында және басқа да жерлерде электр жарығы уақытша өшті.

"Қалада 25-ке жуық ағаш құлап, 25 мың абонент жарықсыз қалды. Барлық жедел бригадалар табиғаттан келген зардаптарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Электр қуаты мүмкіндігінше қысқа мерзімде беріледі", деп хабарлады қала әкімдігінен.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде дауылдың салдарын сипаттайтын кадрлармен бөлісіп, мұндай ірі бұршақты алғаш рет көріп тұрғандарын да айтуда:

"Қазіргі уақытта қала әкімі көшелерді аралап, қолайсыз ауа райының салдарын жою жұмыстарының барысын жеке бақылауда. Құлаған ағаштарды жинау, жолдарды тазарту және коммуналдық қызметтердің әрекетін үйлестіру жұмыстары жалғасуда", деп атап өтті Өскемен әкімдігінен.

Ал қала тұрғындары әлеуметтік желіде бұршақтың суреттерімен бөлісіп, кімдікі үлкенірек екенін салыстырып бағуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: