Павлодарда екпінді жел соғып, бұршақ жауды: зардап шеккендер бар

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, молнии, молния, гроза, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 16:42 Фото: pexels
2026 жылғы 19 шілдеде Павлодар қаласы мен Павлодар облысында ауа райы күрт бұзылды. Өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауып, секундына 20 метрге дейін жеткен екпінді жел соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар табиғаттың тосын мінезі түсірілген бейнежазбаларды жариялады.

Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қолайсыз ауа райының салдарынан өткен тәулікте жедел жәрдем қызметіне екі шақырту түскен.

Павлодар қаласында 1993 жылы туған ер адам зардап шекті. Найзағай кезінде зақымданған ағаштың бұтағы оның үстіне құлаған. Басынан жарақат алған азамат Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.

Сонымен қатар, Құдайкөл ауылында тағы бес адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың қатарында 2007 жылы туған қыз, 1979 жылы туған ер адам, сондай-ақ 2011 және 2010 жылы туған үш бала бар.

Олардың барлығы екпінді жел мен бұршақтың салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған.

Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті. Оларды ауруханаға жатқызу қажет болмағандықтан, дәрігерлер тексеруден кейін үйлеріне жіберген.

Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық бәсеңдейтіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: