Алматы тұрғындары Қырғызстанда болған жер сілкінісін сезді

Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 12 тамызда Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары жерасты дүмпулері туралы EMSC сайтына пікір қалдырған. Бірі дүмпудің өте әлсіз болғанын айтса, енді бірі оның бірнеше секундқа созылғанын жеткізді.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісі туралы ақпаратты растады. Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, магнитудасы – 5,2.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі де жерасты дүмпулеріне қатысты түсініктеме берді.

Жер сілкінісі сағат 12:14-те тіркелген. Алматыда оның сезілу күші 2 балл болды.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазақстан
Қырғызстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Магистратура грантына кімдер таласа алады