Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Фото: Zakon.kz
2026 жылдың 13 тамызында елордадағы медициналық мекемелердің бірінде ем қабылдап жатқан пациентке тиесілі алтын әшекейлердің ұрлығы ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, әйелді ауруханаға жатқызған кезде өзімен бірге алтын сырға мен алқа болған.

Біраз уақыттан кейін оның туыстары зергерлік бұйымдардың жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтады. Ол медициналық мекеменің бұрынғы қызметкері болып шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті ұрланған әшекейлерді ломбардқа тапсырған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарға жеке мүлкінің сақталуына мұқият болуды ескертеді.

Заттардың жоғалғанын анықтаған жағдайда, дереу ішкі істер органдарына жүгіну қажет.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін