Бұл туралы 2026 жылы 13 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (ДСМ) баспасөз қызметі хабарлады:
"Жүргізілген тексеру барысында өтініште көрсетілген барлық фактілер расталды. Мамандар тамақтандыруды ұйымдастыру, сумен қамтамасыз ету, аумақ пен үй-жайлардың санитариялық жай-күйі, сондай-ақ персоналдың міндетті медициналық тексерулерден өту талаптарының бұзылғанын анықтады. Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот орталықтың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, ал бұған дейін берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күші жойылды".
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру кезінде заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізді.
"Оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Денсаулық сақтау министрлігі әрбір азаматтың өтініші ерекше бақылауда екенін атап өтеді. Балалардың қауіпсіз демалысы мен сауықтырылуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мемлекет үшін сөзсіз басымдық болып қала береді". ҚР ДСМ баспасөз қызметі