Павлодарда әсерлі видео түсірмек болған жүргізуші мен жолаушылар жазаланды

Фото: Zakon.kz
Павлодарда әлеуметтік желіге әсерлі бейне түсіру үшін жолдағы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушылар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Тараған бейнежазбада көлік қозғалып бара жатқанда жолаушылардың артқы есіктерді ашып, салоннан сыртқа шыққаны көрінеді.

Полицияның мәліметінше, мұндай әрекет көліктегі адамдардың ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Тәртіп сақшылары бейнежазбаны зерделеп, көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады.


"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көліктегі жолаушыларға қатысты да тиісті шаралар қабылданды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.

Полиция әлеуметтік желіге контент түсіру немесе көп қаралым жинау үшін қауіпсіздік талаптарын елемеуге болмайтынын ескертті. Бір сәттік әсерлі кадрдың соңы орны толмас қайғыға ұласуы мүмкін.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін