Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар тапсырма берді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке ведомство жұмысының нәтижелері, азаматтық қорғау жүйесін жаңғырту барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Соңғы екі жылда ведомство бөлімшелері 1,4 мыңнан астам техникамен, авиациямен, заманауи құтқару жабдықтарымен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен және байланыс құралдарымен толықтырылған.

Бұл еліміздің барлық өңірінде төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін айтарлықтай арттырды. Сонымен қатар министрлікке қарасты бөлімшелерді жаңғырту жұмыстары қолға алынған.

Министр бөлімшелер желісін дамыту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, елімізде жаңа әмбебап құтқару құрылымдары, авиация және теңіз жасақтары құрылған.

"Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынды. Олар шамамен 700 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ халықты жаппай әрі жедел хабардар ету жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктері кеңейтіліп, табиғи өрттерді ерте анықтау жүйелері біріктірілуде.

Кездесуде ведомство қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары да сөз болды. Құтқарушыларға тұрғын үй төлемдері қарастырылған.

Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне арналған арнайы тұрғын үй кластерін құру жобасы қолға алынды. Бастама өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару базаларының жанынан қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үй кешендерін салуды көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бағытында атқарып жатқан жұмысын оң бағалады.

Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу және өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді