ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің жалпы ауданы 650 гектарды құрады.
"Өртті сөндіру жұмыстары таулы-жоталы жер бедерінің күрделілігімен, кейбір учаскелердің қолжетімсіздігімен және қатты екпінді желмен қиындатылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылды. Қолжетімсіз аумақтардағы жекелеген ошақтарды сөндіру үшін ТЖМ авиациясы тартылды. Су төгу құрылғыларымен жабдықталған "Қазавиақұтқару" тікұшақтары арқылы жалпы көлемі 78 тонна суды құраған 26 рет су төгу жұмысы жүргізілді".
Сондай-ақ құзыршлы ведомство өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылықтарының және өзге де өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің шамамен 310 қызметкері мен 44 техникасы, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" кәсіпорнының екі тікұшағы жұмылдырылғанын нақтылайды.
"Қазіргі уақытта жекелеген бықсыған ошақтарды жою және аумақты суару жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ТЖМ бақылауында", делінген хабарламада.