Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 20 тамызында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелеріне арналған Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ресурстық және өндірістік әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанына назар аударып, бұл артықшылықты ел мүддесіне тиімді пайдалану қажет екенін айтты.

"Қазба байлығы мол елдер үшін әлемдегі қазіргі ахуал тиімді әрі бірегей мүмкіндіктерге жол ашып отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент әлемде аса маңызды минералдарға қол жеткізу үшін мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыт жоғары технологиялық салаларды дамыту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие.

Осыған байланысты Қазақстан қолда бар ресурстары мен өнеркәсіптік әлеуетін тиімді пайдаланып, өндіріс тізбегін дәйекті түрде дамытуы қажет.

Отырыс барысында Үкімет мүшелері саланың қазіргі жағдайы, минералдық ресурстарды игеру перспективасы, қайта өңдеу өндірісін дамыту және осы бағыттағы кедергілер туралы есеп берді.

Жиын қорытындысы бойынша Президент Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға:

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін