Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

Фото: Zakon.kz
Өскемендегі тергеу изоляторында есірткі болуы мүмкін затты мекеме аумағына алып кіру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, №73 мекемесіне сотталған адаммен кездесуге келген қоғамдық қорғаушы тексеру кезінде қызметкерлердің күдігін тудырған.

Оның аяқкиімін мұқият тексеру барысында табанына жасырылған оттық табылды. Оттықтың ішінен есірткі болуы мүмкін ақ түсті ұнтақ пен шағын шприц тәркіленді.

Ведомствоның ресми өкілі Салтанат Ожиканованың айтуынша, мекемеге келген әрбір адам мәртебесіне қарамастан, белгіленген тәртіппен тексеруден өтеді.

"Қоғамдық қорғаушы мекемеге сотталған адаммен кездесуге келген. Тексеру барысында оның аяқкиімінің табанына жасырылған оттық табылды. Оның ішінен есірткі болуы мүмкін ақ түсті ұнтақ пен шағын шприц анықталды. Қызметкерлердің қырағылығының арқасында күдікті затты тергеу изоляторына өткізу әрекетінің жолы кесілді", – деді Салтанат Ожиканова.

Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Оның нақты құрамы сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Сурет: Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі

Аталған дерек бойынша материалдар тіркеліп, тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды