Алматыда ақ ұнтақ салынған пакетпен полицейлерді арандатпақ болған ер адам ұсталды

Сурет: pexels
Алматыда ер адам полицейлердің көзінше ақ түсті зат салынған пакетті әдейі видеоға түсіріп, тәртіп сақшыларының назарын өзіне аударуға тырысқан. Нәтижесінде ол полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адам әлдекімге хабарласып, қолындағы пакетті көрсетеді. Сондай-ақ келу керек мекенжайды айтып, ақша әкелуді сұрайды. Осы кезде ол полицейлерді де шақырады.

"Тіпті кейбір Алматы тұрғындары полицияның қызметтік көлігі мен тәртіп сақшыларының көзінше ақ ұнтақ салынған пакетті көрсетіп, видео түсіруге дейін барған", – делінген видео сипаттамасында.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме беріп, автордың полицияға қарсы арандатушылыққа айналдырмақ болған видеосының соңы мүлде басқаша аяқталғанын мәлімдеді.

"Видеода ер адам полиция қызметкерлері мен қызметтік көлікті түсіріп, қолындағы ақ түсті зат салынған зип-пакетті көрсеткен. Сонымен қатар видео түсіру кезінде балағат сөздер айтқан. Видео авторының жеке басы анықталды. Ол бұрын сотталған 43 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады полиция.

Есірткіге қатысты қылмыс болуы мүмкін деген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жолданды.

Енді полицейлер видеода көрсетілген заттың қайдан шыққанын, оның құрамы мен мөлшерін анықтайды. Сондай-ақ ұсталған азаматтың есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Қазақстанда биылғы жеті айда есірткіге қатысты 4,5 мың құқық бұзушылық анықталған. Синтетикалық есірткі өндіретін 17 орын жойылып, жеті ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Оларға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалып, тоғыз көшбасшы мен 41 қатысушы ұсталды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады