Астана қаласы прокуратурасының 2026 жылғы 27 тамыздағы мәліметінше, сотталушы жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді пайдаланып, оны көпшілікке таратамын деп қорқытқан және ақша талап еткен.
"Психологиялық қысымды күшейту үшін ол мессенджерде жалған аккаунт ашып, өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған. Кейін мәліметтерді таратпауға қатысты "мәселені шешу" үшін ақша беру керектігіне жәбірленушіні сендірген. Қоқан-лоқыдан сескенген жәбірленуші оған 17,6 млн теңгеден астам қаражат берген", – деп хабарлады қадағалау органы.
Сот ер адамды жеті жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Ақмола облысында кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған еді. Іс бойынша күдіктілердің қатарында танымал спортшы да бар.