Бейнежазбаны "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі 2026 жылғы 10 қыркүйекте жариялады.
Кадрлардан жүк көлігінің төмен жылдамдықпен қозғалып келе жатып, жолдың ортасында тоқтай салғанын көруге болады. Алайда оның авариялық жарық сигнализациясы қосылмаған. Соның салдарынан артында келе жатқан жеңіл көлік жүк көлігіне келіп соққан.
"Соққыдан жеңіл көлік жолдан шығып кетіп, жол жиегіне ұшып барып аударылған", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.
Қазір оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Жол компаниясы осы жағдайдан кейін жүргізушілерге ескерту жасады.
"Жолда көлікті тоқтатқан жағдайда, оны арнайы белгілермен ескертпеу өзге көліктерге үлкен қауіп төндіреді. Мәжбүрлі түрде тоқтаған жағдайда авариялық жарық сигнализациясын дереу қосып, жол қозғалысы ережелеріне сәйкес авариялық тоқтау белгісін қою қажет", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ жүргізушілер арақашықтықты сақтап, жол жағдайын үнемі бақылауда ұстау керек.
Бұған дейін 8 қыркүйекте Алматы маңындағы тасжолда жүккөліктерінің қозғалысы 2026 жылдың соңына дейін шектелетіні белгілі болған.