Өскемен тұрғыны алаяққа алданып, 3 млн теңгесінен қағылды

Фото: Zakon.kz
Өскемен қаласының тұрғыны медициналық университетке оқуға түсемін деп алаяққа алданып қалды. Оған қажетті құжаттарды рәсімдеп, жоғары оқу орнына қабылдануына көмектесуге уәде берген.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, күдікті жәбірленушіге өзін жалған есіммен таныстырып, оқуға түсуге көмектесе алатынына сендірген. Оның сөзіне сенген жас жігіт қажетті құжаттары мен 3 миллион теңге көлемінде ақша берген.

Бірақ уәде етілген көмек көрсетілмеген. Құжаттар университетке тапсырылмаған, оқуға қабылдау жүзеге аспаған.

Ал күдікті алған ақшасын жәбірленушіге қайтармаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ескертеді: оқуға түсуге, жұмысқа орналасуға немесе өзге де мәселелерді ақшалай сыйақы үшін шешуге көмектесуге уәде беру алаяқтық схемасының бір бөлігі болуы мүмкін. Бейтаныс адамдарға ақша мен құжаттарыңызды бермеңіз. Ақпаратты мұқият тексеріп, құжаттарды тек ресми тәртіппен тапсырыңыз.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды