Тауда аяғын қайырып алған турист құтқарылды

Фото: Zakon.kz
Алматыда құтқарушылар Үлкен Алматы шыңынан төмен түсіп келе жақан кезінде жарақат алған туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы хабарлама кешкі уақытта Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығына келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам таудан түсіп келе жатқанда аяғын қайырып алған.

"БАУ" құтқарушылары туристке қажетті көмек көрсетіп, кейін оны қауіпсіз жерге дейін алып барған.

Мамандар тауға шығар алдында ауа райы жағдайы мен таңдалған маршруттың ерекшеліктерін ескеріп, киім мен аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызды екенін еске салады.

Бұған дейін қазақстандықтарға Жапония визасын алуережелерінің өзгеретіні туралы ескертілген болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған