Түлкібастағы атыс: 17 жастағы жасөспірімді өлтіргендер сотталды

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қоғамда резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды. Мамандандырылған ауданаралық сот алты сотталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"7 арнаның" хабарлауынша, қайғылы оқиға былтыр қараша айында Түлкібас ауданында болған. Түнде бетперде таққан адамдар көлікпен келіп, көшеде тұрған төрт жасқа оқ атқан.

17 жастағы Төрехан Төреәлі оқиға орнында қаза тауып, тағы үш адам жарақат алған.

Сот басты айыпталушыны қылмысты қайталап жасағанын ескеріп, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы екі адам 18 жылдан түрме жазасына кесілді.

Қылмысты жасыруға көмектескен екі айыпталушының біріне үш жыл, екіншісіне екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағы бір сотталушыға 2 жыл 8 айға бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Алайда оған рақымшылық қолданылып, сот залында босатылды.

"Бұл іс бойынша барлығы жеті адам бар. Олардың біреуі іздеуде жүр, қазір оған қатысты тергеу органдары жұмыс жүргізіп жатыр. Сот алдында алты адам жауап берді. Олардың үшеуі оқиға орнына барып, қару қолданып, жәбірленушілерге қарай оқ атқан. Қалған үшеуі оқиға орнына барудан және қару қолданудан бас тартқан. Алайда қару қолданылатынын білгендіктен, олар бұл туралы полиция қызметкерлеріне хабарлауы тиіс еді", – деді Мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Дәурен Мадалиев.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны хабарланған еді. Ауыр қылмыс жасады деген күдікке кәмелетке толмаған жасөспірім ілінген.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді