Қуанышбек Үштаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

Сурет: gov.kz
Қуанышбек Үштаев ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда 2026 жылғы 21 қыркүйекте мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Үскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды".

Президенттің тағы бір өкімімен Мереке Көшекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Қуанышбек Үштаев 1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 2009 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2018 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған.

25717 әскери бөлімінде түрлі лауазым атқарған. Әр жылдары мотоатқыштар батальонын, десанттық-шабуылдау батальонын және 42062 әскери бөлімін басқарды.

2009 жылдан бастап 61993 әскери бөлімі штабының бастығы – командирдің бірінші орынбасары, 2010 жылдан 12740 әскери бөлімінің командирі, ал 2011 жылдан 85395 әскери бөлімінің командирі болды.

2015 жылдан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – әскерлер қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2018 жылдан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері штабының бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары болды. Кейін "Шығыс" және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтарының әскерлерін басқарды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Президент Дәурен Қосановты Қазақстанның қорғаныс министрі қызметіне қайта тағайындады.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

FlyArystan Сауда және интеграция министрлігімен соттасып, жеңіліп қалды

Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты: Санжар Ерұланұлы финалға шықты

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Әділжан Жаудинов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының 1/2 финалына шықты