Бес пәтер, үш көлік және екі жер телімі тәркіленді: Қостанай облысында екі тұрғын сотталды

Фото: freepik
Қостанай облысының екі тұрғыны лицензиясыз заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырғаны үшін сотталды. Бұл туралы 2026 жылғы 23 қыркүйекте ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, олар 2024–2025 жылдары өздеріне қарасты төрт компанияның – "Союз-Костанай", "Экспресс Тенге", "Express Gold" және "Express.com" ЖШС-лерінің қызметін ұйымдастырған.

"Бұл желі негізінен облыстың аудан орталықтары мен ауылдарында жұмыс істеген. Клиенттерге банкке немесе басқа қаржы ұйымдарына жүгінбей-ақ, зергерлік бұйымдарын кепілге қойып, ақша алу ұсынылған. Іс жүзінде комиссиялық сауда қызметінің орнына азаматтарға мүлкін кепілге қойып, қарыз берілген. Ақшаны пайдаланғаны үшін күніне 0,4% мөлшерінде сыйақы алынған", – деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

Агенттіктің мәліметінше, клиенттермен жазбаша қарыз шарттары жасалмаған. Мәмілелерді заңды комиссиялық сауда ретінде көрсету үшін ресми сипаттағы құжаттар қолданылған. Оларда сыйақы тауарды сатуды кейінге қалдырғаны үшін комиссия немесе оны сақтағаны үшін төлем ретінде көрсетілген.

"Екі жыл ішінде олардың қызметін 1600-ден астам азамат пайдаланған, ал заңсыз қызметтен түскен кіріс 579 млн теңгеден асқан. Сот екеуіне де мүлкін тәркілей отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Тәркіленетін мүліктің қатарында бес пәтер, үш автокөлік және екі жер телімі бар", – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін, 2026 жылғы 21 қыркүйекте, ҚМА Қарағанды облысында "Кең Дала 2" бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінген кредит қаражаты ұрланғанын хабарлаған еді.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды