Алматыдағы Студенттер сарайының бір бөлігі құлады: не болды, ғимарат қазір қандай күйде

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 24 қыркүйекке қараған түні Алматыдағы Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының шатыры құлады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі оқиғаның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратта былай делінген:

"2026 жылғы 23 қыркүйекте түнгі уақытта Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы ғимаратының шатырын бөлшектеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін барлық жұмыс түнгі уақытта атқарылды. Мердігерлер қауіпсіздік шараларын толық сақтады. Зардап шеккендер жоқ".

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін университет Студенттер сарайының құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарын өрескел бұза отырып пайдалануға берілгенін мәлімдеген еді.

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

2023 жылы аккредиттелген ұйым ғимараттың техникалық жай-күйіне сараптамалық тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде ғимараттың көтергіш конструкцияларынан елеулі ақаулар мен зақымдар анықталды.

Сурет: Zakon.kz

Университет сайтындағы мәліметке сәйкес, Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кешенінің құрамына кіреді және мәдени-көріністік нысандар арасында Республика сарайынан кейін екінші орында тұр.

Сурет: Zakon.kz

2026 жылғы 24 қыркүйекке қараған түні Студенттер сарайының шатыры құлаған сәт түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Алаңдаған тұрғындар ҚазҰУ маңынан қатты гүрсіл естіліп, шаң көтерілгенін хабарлады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Бір тал темекі 800 мың теңге шығын әкелді