Каспий теңізінде жер сілкінді

Фото: primeminister.kz
Бүгін, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,1 болды. Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 15 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сондай-ақ бүгін Маңғыстау облысында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде, Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындап жатқан 19 әскери қызметшіні ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты теңізге ағызып әкеткені хабарланды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тоғыз әскери қызметші қаза тапқан, үшеуі құтқарылған. Құтқарылғандардың бірі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын мәлімдеді. Жедел-тергеу тобы құрылды.

Кейін Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табу себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі болды. Оны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті: тоғызы қаза тапты

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді