Белгілі қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова қайтыс болды

Фото: khabar.kz
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист Индира Жылқайдарованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті жазба бүгін, 2026 жылғы 2 қазанда ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды.

Индира Орынбайқызы 2015 жылдан бастап "Хабар" агенттігінде еңбек етіп, соңғы жылдары "Хабар" телеарнасының "Жеті күн" бағдарламасында редактор-талдаушы қызметін атқарды.

Ол парламенттік журналистикаға, қоғамдық-саяси мәселелер мен еліміздің заң шығару үдерісін ақпараттық тұрғыдан жария етуге айрықша ден қойды. Ел өміріндегі маңызды оқиғаларды терең талдап, өзекті мәселелерді көрерменге жедел әрі шынайы жеткізуге үлес қосты.

Индира Орынбайқызы өз ісіне адалдығымен әріптестерінің құрметіне бөленді. Оның журналистика саласындағы еңбегі кәсіби байқауларда да жоғары бағаланды.

"Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!" Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі

Әріптестерінің айтуынша, ол соңғы жылдары онкологиялық дертпен күрескен.

Zakon.kz редакциясы Индира Жылқайдарованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

2026 жылғы 28 тамызда қазақстандық журналистиканың ардагері Тілеуқабыл Мыңжасардың 75 жасқа қараған шағында өмірден өткені белгілі болды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін