""Шапағат" базарының маңында, көшеде әйелді пышақтап өлтірген дейді..." – делінген Threads желісінде жарияланып, кейін өшірілген жазбада.
Астана полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, кісі өлтіру туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
""Шапағат" базары маңында әйелдің өлтірілгені туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Базардың алдынан 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Оның денесінде зорлықпен өлтірудің сыртқы белгілері болған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", – деп хабарлады полиция.
Тұрғындарға жалған ақпарат таратпай, ресми дереккөздерге сену керектігі ескертілді.
Бұған дейін Астанада әйелдің бұрынғы күйеуінің қолынан қаза табуына байланысты тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған еді. Оқиға үй маңындағы көшеде болған. Марқұм оқиғаға дейін бұрынғы жұбайының үстінен шағым түсірген. Осы істі тергеу аясында қаланың жоғары лауазымды полиция қызметкерлері қызметінен босатылған.