ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар арқанның көмегімен сиырды шұңқырдан абайлап шығарып, иесіне тапсырған.
Ведомствоның хабарлауынша, жануар зардап шекпеген.
Бұған дейін ғалымдардың орман өрті кезінде жабайы жануарлардың қандай ауамен тыныс алатынын бақылауға мүмкіндік беретін шағын датчик әзірлегені хабарланған еді. Құрылғыны GPS-трекерлермен және физиологиялық көрсеткіштерді өлшейтін датчиктермен бірге жануарлардың қарғыбауына орнатуға болады.