Астанада бұзылған көлігінің жанында тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды

Фото: Zakon.kz
Астанада адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат 2026 жылғы 5 қазанда болған. Ал ол туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 9 қазанда тарады.

Жарияланған кадрлардан соқтығысудың қатты болғанын көруге болады: екі көлік те елеулі зақымданған.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қошқарбаев көшесімен келе жатқан Hyundai Tucson жүргізушісі Орхон көшесімен қиылыста Volkswagen Passat жүргізушісін қағып кеткен. Ол көлігі бұзылғандықтан тоқтап, жүксалғышының жанында тұрған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Passat жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды. Hyundai Tucson автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр", – делінген полицияның түсініктемесінде.

29 қыркүйекте Астанада Zeekr жүргізушісі солға бұрылған кезде қарсы бағытта келе жатқан автобусқа жол бермей, екі көлік соқтығысқан еді. Апаттан төрт адам зардап шеккен.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін