Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін тамашалап, Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын таныстыратын экспозициялармен танысты.
Алтын залына ерекше назар аударылды. Мұнда бірегей археологиялық олжалар мен ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған "Алтын адам", сондай-ақ Берел, Талды-2, Тақсай және Шілікті обаларынан табылған алтын бұйымдар қойылған.
Этнография залында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты.
Сондай-ақ меймандарға бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі ұсынылды.
Сапар соңында Бельгия Королі мен Патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.