Мектепте Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, тиісті аумақтық органдардың және "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының өкілдерінен құралған мониторингтік топ жұмыс істеп жатқаны нақтыланады.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, ас блогында санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Шектеу шаралары енгізіліп, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Оқу-ағарту министрлігі РФММ Директорлар кеңесі мен Басқармасына тамақтандыруды ұйымдастыруды және санитариялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде нұсқау берді.
"Оқушылардың қауіпсіздігін және білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оқу уақытша қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылды. Басым міндеттер қатарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау және тексеру нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылдануда". Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Жағдай тиісті қызметтер мен Оқу-ағарту министрлігінің бақылауында. Жұмыс Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүргізілуде.
Айта кетсек, Алматыда 2026 жылғы 12-14 қазан аралығында Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жіті ішек инфекциясының белгілері бойынша РФМШ-ның 48 оқушысы жатқызылды. Тағы алты бала интернатта оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.
Денсаулық сақтау министрлігі асхананы тексеру нәтижелері бойынша санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталғанын хабарлады. Инфекция көзін анықтау үшін су мен тағам өнімдерінен сынамалар, шайындылар алынып, асхана жұмысшылары тексерілді. Мектеп пен асхананың қызметі уақытша тоқтатылып, зертханалық зерттеулер әлі де жүргізілуде.
Алматы қалалық полициясы жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.