Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ұсталған әйелден есірткі дүкенін жарнамалайтын 116 жапсырма, ұнтақ тәрізді зат салынған екі орама және ұялы телефон табылып, тәркіленді. Ал QR-коды бар тағы төрт жапсырманы ол аялдамаға жабыстырып үлгерген.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Полиция азаматтарды күдікті QR-кодтарды сканерлемеуге және осындай жапсырмалар туралы хабарлауға шақырады", – деп мәлімдеді Полиция департаменті 2026 жылғы 16 қазанда.
Бұған дейін Астанада Таиландтан есірткі салынған екі чемоданмен оралған қыз 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді.