Миллиард теңгеге жуық алаяқтық: Қарағандыда 500-ге жуық адамды алдағандарға үкім шықты

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда кәсіпкер әйел мен оның менеджеріне қатысты алаяқтық ісі бойынша үкім шықты. Олар Қытай, Түркия және Ресейден тауарларды нарықтағы бағадан төрт есе арзанға әкеліп беруге уәде етіп, 500-ге жуық адамды алдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК мәліметінше, әйелдер мессенджерлер арқылы тұрмыстық заттарға, техникаға, тіпті автокөліктерге тапсырыс қабылдаған. Ұсынған бағалары нарықтағыдан бірнеше есе төмен болған. Олар қызметтерін блогерлер арқылы жарнамалап, өздері де сән-салтанатты өмірлерін көрсеткен.

Нәтижесінде клиенттер оларға жалпы құны миллиард теңгеге жуық тауарға тапсырыс берген. Алайда тапсырысын тек алғашқы клиенттер ғана алған. Қалғандары тауарларын үшінші жыл күтіп жүр.

22 қазанда сот жеті бала тәрбиелеп отырған 38 жастағы кәсіпкер әйелді алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырды. Екі жасар баласы бар болғандықтан, жазасын өтеу мерзімі бір жылға кейінге шегерілді. Оның менеджері де алты жыл сегіз айға сотталды. Сондай-ақ сот оларды жәбірленушілердің ақшасын қайтаруға міндеттеді.

Сотталған кәсіпкер үкімді әділетсіз деп санайды. Оның айтуынша, өзі де жосықсыз тауар жеткізушілердің құрбаны болған.

"Мені де алдап кеткенін бірнеше рет айттым. Бірақ бұл туралы ешкім айтпады, ешкім тексергісі келмеді. Бастапқыда, ұсталғанға дейін клиенттердің ақшасын қайтарып жүрдім. Қолымнан келгенше қайтардым. Мен өз жұмысымда ешқандай алаяқтық әрекет те, ондай ниет те болған жоқ деп есептеймін", – деді сотталушы.

Бұған дейін Ақтауда танымал блогердің ұсталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған