Алматыда жүргізуші жолдағы жанжал кезінде қарсыласын тапаншамен қорқытты

Сурет: Zakon.kz.
Алматыда "Халық Арена" маңындағы Шығыс айналма жолында екі жүргізушінің арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгердің айтуынша, көлік қозғалысы кезінде екі жүргізуші бір-бірінің жолын кесуге тырысқан.

Кейін көліктер тоқтап, жүргізушіліердің бірі тапанша шығарып, екінші жүргузішіні қорқытқан. Ол оқиға орнынан кетіп, полицияға арызданған.

Сурет: Zakon.kz.

Көп ұзамай полиция қызметкерлері күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстады. Көлікті тексеру кезінде қолғап жәшігінен тапанша табылып, тәркіленді. Қару сараптамаға жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, қару пневматикалық болып шыққан. Оның егесі одан әрі тексеру үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылуы мүмкін.

Сурет: Zakon.kz.

Бұған дейін Қазақстанда саябақта ұлының ән айтқаны үшін әйелге айыппұл салынғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды