Ас үйде өрт тұтанған жағдайда не істеу керек - төтеншеліктер кеңесі

Сурет: pexels
Ас үйде өрт санаулы секундта тұтануы мүмкін. ҚР ТЖМ қараусыз қалған плита, шамадан тыс қызған май немесе ақауы бар электр құрылғысы шағын тұтанудың тез арада үлкен өртке ұласуына себеп болуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Қазақстанның тұрғын үй секторында 4 876 өрт тіркелді. Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға аз.

Өрттердің 50,6%-ы электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзудан, 18,4%-ы пешпен жылытуды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан, тағы 16%-ы отпен абайсыз жұмыс істеуден болған.

"Май тұтанған жағдайда ең басты ереже – су құймаңыз. Су лезде буға айналып, жанып жатқан майдың шашырауына және өрттің таралуына әкелуі мүмкін. Қауіпсіз болса, плитаны өшіріп, ыдыстың бетін қақпақпен жауып, оттегінің келуін тоқтатыңыз. Жанып жатқан кастрөлді немесе табаны орнынан қозғамаңыз. Ыдысты толық суығанша қақпағын ашпай қалдырыңыз. Егер өрт тарала бастаса, бөлмеден шығып, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", делінген төтеншеліктер ескертуінде.

Ал электр құрылғысы тұтанған жағдайда, қауіпсіз болса, алдымен оны электр желісінен ажырату керек екен.

"Тоқ көзіне қосылып тұрған жабдықты сумен сөндіруге болмайды. Түтін пайда болса немесе өрт тарала бастаса, оны өздігінен сөндіруге әрекет жасамаңыз. Бөлменің есігін жауып, пәтерден шығыңыз және жақын маңдағы адамдарға ескертіңіз. Лифтіні пайдаланбаңыз және заттарыңызды алу үшін пәтерге қайта кірмеңіз", - дейді құзырлы ведомство.

Ас үйдегі өрттің төтенше жағдайға ұласуына жол бермеу үшін:

Бұған дейін ТЖМ Алматыда тауда адасқан туристерді іздеуді жеңілдететін жаңа жүйе іске қосылғанын хабарлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Марат Байқамуров дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін белдеседі