Алматы метросында төтенше жағдай болды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 5 қараша күні таңертең Алматы метросында штаттан тыс жағдай тіркелді. Соның салдарынан жолаушылар сыртқа шығарылып, пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде қала тұрғындары метроға қатысты сұрақтар қойып, не болғанын анықтауға тырысты.

"Метрополитенде не болғанын білетіндер бар ма? Адамдарға әрі қарай автобуспен жүруді сұрады", "Алматы метросында не болды? "Райымбек батыр" станциясында полицей есікті алдымнан жауып, метро жұмыс істемейтінін айтты", – деп жазды желі қолданушылары.

Метроның баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

""Райымбек батыр" метро станциясында бір әйел метрополитен қызметкерлеріне жарылғыш құрылғы бар екенін хабарлаған. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарын тарта отырып, қажетті шаралар дереу қабылданды. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, әйелді полиция қызметкерлері ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады", – деп хабарлады тасымалдаушы.

Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғылар мен күдікті заттар табылған жоқ.

Қазір Алматы метрополитені штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін, 4 қарашада Алматы полициясы метро ішінде кастет алып жүрген жас жігіттің ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді