Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады. Видеодан тау бөктеріндегі ғимараттың үстінен қою қара түтін көтерілгенін көруге болады.
Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, өрт салынып жатқан екі қабатты ғимараттың екінші қабаты мен шатырына тараған.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 13:28-де толық сөндірілді.
Бұған дейін, 3 қарашада әл-Фараби даңғылы бойындағы элиталық тұрғын үй кешендерінің маңында жеке тұрғын үйден өрт шыққан болатын.