Туысқандары дабыл қақты: Екібастұзда пәтер есігін бұзуға тура келді

Сурет: pexels
Павлодар облысының "112" пультіне Екібастұз қаласында қарт әйелге көмек көрсету қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Қала тұрғыны телефон қоңырауларына жауап бермей, есікті ашпаған соң, туыстары алаңдап, құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен пәтердің кіреберіс есігін ашты. Пәтер ішінен 1953 жылы туған әйел табылды.

"Ол өздігінен қозғала алғанымен, бағдарынан жаңылған күйде болған. Құтқарушылар қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасын шақырды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ ескертеді: қарт туыстарыңызға көңіл бөліп, олардың хал-жағдайын үнемі біліп отырыңыздар. Алаңдаушылық тудыратын белгілерді назардан тыс қалдырмаңыздар.

Бұған дейін Шымкентте пәтерден өрт шығып, 67 жастағы ер адам қаза тапқаны хабарланған.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Қазақстанда алғашқы медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібі белгіленеді