"ҚазАвтоЖолдың" еншілес ұйымынан 35 млн теңге жымқырған бас бухгалтер сотталды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Атырауда "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның еншілес ұйымының бас бухгалтері 35 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас көлік прокуратурасының 2026 жылғы 12 қарашадағы мәліметінше, өңірлік прокурорлар Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, "ҚАЖсервис" ЖШС филиалынан 34,8 млн теңге жымқыру дерегін анықтаған.

"Бас бухгалтердің төлемдерді заңсыз есептеп, ұйым қаражатын өзінің жеке банктік шотына аударып отырғаны анықталды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді", – делінген хабарламада.

Атырау қаласының №2 соты оны кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған бес жыл бойы материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.

"ҚАЖсервис" ЖШС-нің материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талап қоюы толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Жаңаөзенде 19 жастағы жігіттің жергілікті сауда орталығынан құны 15 млн теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлағаны хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады

Қазақстанда алғашқы медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібі белгіленеді