Ekaraganda.kz басылымының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, 64 жастағы жүргізуші жолда келе жатқанда кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Салдарынан ол рөлге ие бола алмай қалған. Көлік тротуарды кесіп өтіп, ағашқа соғылған.
Теміртау қалалық ПБ Шығыс полиция бөлімінің бастығы Талғат Оспанов жол апаты кезінде қоғамдық көлік салонында шамамен 15 жолаушы болғанын нақтылады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде 64 жастағы жүргізушінің жағдайы нашарлап, естен танып қалған. Соның салдарынан автобус ары қарай жүруін жалғастырып, ағашқа соғылған. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болды, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Алайда жүргізуші оқиға орнында көз жұмды", - деді Талғат Оспанов.
Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Астана-Петропавл тас жолында жаппай жол апаты болғаны хабарланған.