Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 16 қарашадағы мәліметінше, жатақхана Тұран ауданындағы Орманов көшесінде орналасқан.
"Лицей-интернаттың бес қабатты жатақханасының екінші қабатында жиһаз бен матрас өртенді", – делінген хабарламада.
Құтқарушылар өртті қысқа уақыт ішінде сөндіріп, оның таралуына жол бермеді. Адамдарды эвакуациялау қажет болмаған, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ал Алматыда 15 қарашада өрттен зардап шеккен №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жеңіл атлетика манежі қалпына келтіріледі.