Дарынды балаларға арналған лицейдің жатақханасында өрт шықты
Фото: Zakon.kz
Шымкенттегі дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың бес қабатты жатақханасында жиһаз өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 16 қарашадағы мәліметінше, жатақхана Тұран ауданындағы Орманов көшесінде орналасқан.
"Лицей-интернаттың бес қабатты жатақханасының екінші қабатында жиһаз бен матрас өртенді", – делінген хабарламада.
Құтқарушылар өртті қысқа уақыт ішінде сөндіріп, оның таралуына жол бермеді. Адамдарды эвакуациялау қажет болмаған, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ал Алматыда 15 қарашада өрттен зардап шеккен №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жеңіл атлетика манежі қалпына келтіріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript