Смарт-сағат үшін шыққан жанжал: атыраулық үш жылға сотталды

Фото: pexels
Атыраудың 28 жастағы тұрғыны арнайы қабылдау орнының қызметкерімен төбелескені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адам ломбардқа кепілге қойған смарт-сағатының кепіл мерзімін ұзарту үшін телефон сұраған. Алайда кезекші қызметкермен арадағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан.

"Ақ Жайық" газетінің жазуынша, ер адам есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамаққа алынған. Кейін камераласымен төбелесіп, оған тағы 15 тәулік қамақ жазасы тағайындалған.

Ломбардтағы смарт-сағатының кепіл мерзімін ұзартатын уақыт келгенде, ол ұялы телефон сұраған.

Ер адамның айтуынша, арнайы қабылдау орны бастығының орынбасары телефонды пайдалануға рұқсат берген. Алайда кезекші инспектор Ғалымжан Нұрмұхамбетов мекеме ережелеріне сүйеніп, телефон беруден бас тартқан.

Көп ұзамай екеуінің арасында төбелес шыққан. Полицей ер адамның өзін екі рет ұрғанын айтқан. Ал сотталушы оған бірінші болып инспектордың қол көтергенін мәлімдеген. Камераластары да полиция қызметкерінің күш қолданғанын айтқанымен, сот олардың айғақтарын нанымды деп таппаған. Сараптама жанжалға қатысқан екі адамның да денесінде жарақат барын анықтаған.

Нәтижесінде сот сотталушының полицей тарапынан күш қолданылғаны туралы уәждерін қабылдамай, оны үш жылға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін Көкшетауда №10 автобус жүргізушісі мен жолаушылар арасындағы төбелеске қатысты істің қаралуы аяқталғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Қазақстанда халықтың ақшалай табысын есептеу тәсілдері өзгермек