Хабарлама түскен бойда іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, оған ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары ер адамды көл акваториясынан, жағалаудан 24 шақырым қашықтықта тапты.
"Белгілі болғандай, балық аулау кезінде моторлы қайықтың қозғалтқышы істен шығып, ер адам өздігінен жағаға жете алмаған. Ер адам жағаға жеткізілді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Бұған дейін Қостанай облысында үш балықшы суға батып, көз жұмғаны хабарланған.