Алматы метросындағы қайғылы оқиға – көпбалалы ана қалай сотталушы атанғанын айтты

Сурет: Zakon.kz/Сахибам Садырова
2026 жылғы 23 қарашада Алматыда метро станциясында көзі көрмейтін жігіттің қаза табуына қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сотталушы – метрополитенде жұмыс істеген 47 жастағы көпбалалы ана Майра Болатбекова. Қайғылы оқиға болған күні ол көзі көрмейтін жолаушыны турникеттен өткізген. Оған қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзды деген айып тағылған.

"Мен көпбалалы анамын, үш балам әлі кәмелетке толмаған. 2025 жылдың соңына дейін іс қозғалған, бірақ ол кезде мен бұл іске мүлде қатысқан жоқпын. 2026 жылғы тамызда іс қайта қозғалды. Беттестіру аяқталғанға дейін куә болдым. Сотталушы екенімді алғашқы сот отырысында ғана білдім. Мұны әділетсіздік деп санаймын", – деді Майра Болатбекова сот отырысы басталар алдында.

Болатбекованың айтуынша, сол күні ол "Абай" станциясында жолаушыны қасындағы адаммен бірге турникеттен өткізген. Артынша жігіттің жалғыз кетіп бара жатқанын байқап, қасындағы адамнан оны неге жалғыз қалдырғанын сұраған. Сөйтсе, ол жолаушыға көмектеспек болған кездейсоқ жүргінші екен.


"Ол күні ауысымға оператор-кассир болып шықтым. Бақылаушыны ауысымның аға қызметкері өзі алмастыруға тиіс еді. Бірақ ол мені жіберді, мен келістім. Маған платформада, пойыздың жанында тұрған қызметкерге хабар бермеді деген айып тағылып отыр. Сол кезде SOS түймесі жұмыс істемеді. Мен бірден қасымда тұрған көлік қызметінің қызметкерлерінен көзі көрмейтін жолаушыны пойызға дейін шығарып салуды сұрадым. Бірақ олар бас тартты", – деді Болатбекова.

Қаза тапқан Қанат Батқалқазының атасы мен әкесі осы іс бойынша жәбірленуші деп танылған.

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 10 желтоқсанда болған. Көзі көрмейтін 26 жастағы Қанат Батқалқазы метро вагонына мінбек болғанда рельске құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды