Алматыда қоймадан өрт шықты

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 25 қарашада Алматыда қойма өртенді. Қазір оқиға орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Атап айтқанда, Threads желісінде gumcxfy лақап атымен тіркелген қолданушы оқиға орнынан видео жариялады.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт қаланың Түрксіб ауданында шыққан.

"Бүгін "112" пультіне Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Стасов көшесінде орналасқан қоймадан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жіберілді. Құтқарушылар жеткен кезде қойманы жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер жоғары шақырту дәрежесі бойынша жұмыс істеп жатыр", – делінген министрлік хабарламасында.

ТЖМ өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Сағат 08:31-дегі жаңартылған ақпарат


"Сағат 08:25-те өрт оқшауланды. Өртті сөндіру және жақын маңдағы қоймаларды жалыннан қорғау үшін су шашатын өрт сөндіру оқпандары қолданылды. Жалынның көршілес қоймаларға таралу қаупі сейілді. Өртті сөндіруге "Алматы Су" мекемесінің арнайы техникасы жұмылдырылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері өртті сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Атап айтқанда, ғимараттың қаңқасы металл конструкциялардан тұрғызылып, қабырғалары сэндвич-панельдермен қапталған.

Ғимараттың биіктігі шамамен 10 метрді құрайды. Оқиға орнына жұмылдырылған өрт сөндіру бөлімшелері жұмысын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 24 қарашада полиция қызметкерлері тасжолда өртенген жүк көлігінен бір үйір жылқыны құтқарып қалған еді. Оқиға сағат 09:15 шамасында Жетісу облысындағы Алматы – Өскемен автожолының 175-шақырымында болған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады