Шығыс Қазақстанда балық аулауға шыққан үш ер адам қаза тапты

Сурет: unsplash
Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзеніне балық аулауға шыққан үш ер адам суға батып, қаза тапты. Олар құтқару кеудешесін кимей, әлі қатайып үлгермеген мұздың үстіне шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz басылымының 2026 жылғы 24 қарашадағы мәліметінше, қайғылы оқиға Шемонаиха ауданындағы Зевакино ауылының маңында болған.

"Ертіс өзенінің жайылмасында жұқа мұздың үстіне шыққан 1984, 1960 және 1967 жылдары туған үш балықшы суға батып кетті. Ер адамдар құтқару кеудешелерін кимеген. Қаза тапқандардың денелерін ТЖД сүңгуірлері судан алып шықты", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД мамандары алғашқы аяз түскенде су айдындарының бетіне мұз қата бастайтынын, алайда бұл мұз үстімен жүру қауіпсіз дегенді білдірмейтінін ескертті.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері жұқа мұз ойылып, суға түсіп кеткен тоғыз жасар баланы құтқарып қалған еді.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады