Тексеру кезінде 23 жастағы жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезілген. Осыған байланысты ол медициналық куәландыруға жіберілді.
Сараптама қорытындысы оның орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.
Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар заң аясында қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.