Адамдар уже тамақты кредитке алып жатыр – Мұхтар Тайжан

2gis.kz
Олигархат арасында туысы жоқ халық кедейшілікке батып қалды.

Қымбатшылық халықты әбден басып кетті. Адамдар уже тамақты сатып алу үшін кредит алып жатыр, деп жазып жіберді желіде Мұхтар Тайжан.

Оның сөзінше, ауылдағы дүкендер халыққа азық-түлікті қарызға беріп жатыр. Ал халық кедейшілікке батып қалды.

Ешқандай экономикалық реформа жүріп жатқан жоқ. Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі? Реформа кеңесі де жұмыс атқарып жатқан жоқ. Уақыт өтіп барады, ал экономикалық реформа басталған да жоқ. Баяғы жартас сол жартас. Экономикамен 20 жыл бойы айналысатын ескі кадрларын қуып шығып жаңа кадрларын жұмысқа тарту керек. Өз басым айтам, мені шақырса, мен нағыз экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін барар ем. Бірақ қайдам, мен барсам нағыз экономикалық реформа басталады ғой, ал оған олигархат қарсы, дейді пост авторы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапты