Қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде психологтар фильм терапиясының көмегімен ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықпен, құқықтық сауатсыздықпен күресуге байланысты фильмдер көрсетті.
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің қызметкерлеріне "Ар-намыс борышы", "жемқор", "парақор" сияқты өнегелі фильмдер көрсетіліп, онда бұрынғы әріптестері мысалында заңды бұзғаны үшін не болатынын фильм желісі арқылы көрсетіп, ал олардың көрген бейнефильмінен психологқа қызметкерлердің реакциясын талдауға, ҚАЖ қызметкерлерінің деструктивті жай-күйі мен мінез-құлық нысандарын түзетуге мүмкіндік берді.
Фильм терапиясы – бұл қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің көрген сюжетін талқылауына, құқыққа қарсы әрекеттердің салдарлары тобындағы талдау кезінде жағдайдың жаңа қырларын ашуға және әрбір құқық бұзушылық жазадан құтылмаушылыққа әкеп соқтыратынын түсінуді қабылдауға, сондай-ақ фильмді қарау кезінде және одан кейін адамның реакциясын талдау деструктивті күйлер мен мінез-құлық нысандарын түзетуге мүмкіндік беретін психотерапиядағы сұранысқа ие әдістердің бірі. Қызметкерлердің көз алдында тағдырлары заң бұзушылықпен бұзылған адамдардың өмірінен нақты мысалдар көрсетілді. ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің психологы Мархабат Нұрмұхамбетқызы
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істейді, оның негізі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңдар болып табылады, сондай-ақ бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылды, арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құрылымы "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" жеке ведомствосына бөлініп, бірқатар жаңа бөлімшелер құрылғанын еске саламыз.