Қостанай облысында аудандық бас санитарлық дәрігер жол апатына ұшырады

Сурет: pixabay
Ұзынкөл аудандық Санитарлық эпидемиологиялық басқармасының басшысы Ербол Ысмағұлов мас болған. Санитарлық дәрігер өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ербол Ысмағұловтың ісі Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды, деп хабарлайды tobolinfo.

Санитарлық дәрігер өз кінәсін мойындап, кез келген жазаны қабылдауға дайын екенін айтты. Оның айтуынша, 5 қарашада ол картридж, қағаз және қорғаныс құралдарын апарып беру үшін санитарлық-карантиндік пунктке барған.

Көлік тізгінінде өзі болған, өйткені жүргізуші бір күн бұрын жиенінің үйлену тойына байланысты сұранып кетіпті. Қайтар жолда көліктің дөңгелегінің желі шығып кетеді, сондықтан жақын маңда әкесі тұратын Лоба ауылына қарай тартқан. Сол арада шенді түнеп қалады, өйткені кеш болып кеткен еді.

Келесі күні спирттік ішімдік тұтынған ауданның бас санитарлық дәрігері рөлге отырады, сөйтіп орта жолда жол апатына ұшырап, қызметтік көлік жол жиегіне қарай аударылады. Көлікте болған жолаушы орташа ауырлықтағы дене жарақатын алды.

Ысмағұлов атап өткендей, жол апаты салдарынан жақ сүйегін, бұғанасын, үш омыртқасын сындырып, үш апта бойы төсектен тұра алмай жатқан. Дәрігер ағасының кеңесі бойынша анықтама қағаз сатып алуды жөн көреді, өйткені ол сотталып кетуден қорыққан.

Санитарлық эпидемиологиялық басқармасының басшысы зардап шегушімен татуласып, қылмыстық іс бойынша тергеу тоқтатылды. Бірақ Ысмағұлов 15 тәулікке отырып шықты және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Кеңес мүшелері Исмағұловқа қатысты жұмыстан босату түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады