Алматы облысы әкімдігінің ғимаратынан техника ұрлаған күдіктілер ұсталды

Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде болған кезекті ұрлықты ашты, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған қалалық ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, тәртіпсіздік кезінде облыс әкімдігі ғимаратынан ұрлық жасаған күдіктілерді анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талдықорған қаласының 41, 37 және 24 жастағы үш тұрғыны ұсталды, олар 5-7 қаңтар аралығында облыстық әкімдік ғимаратына заңсыз кіру арқылы тұрмыстық техниканы ұрлаған. Олар екі тоңазытқыш, екі кондиционер, мультиварка, кеңсе креслосы, су сорғысы және т.б. ұрлады.Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Найзабасов

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында Талдықорған қаласының аумағында жаппай тәртіпсіздіктер орын алған болатын. Тәртіпсіздік барысында мемлекеттік мекемелер ғимаратынан бағалы заттар ұрланған.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қазіргі уақытта аталған күдіктілер кінәларын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Найзабасов
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде